Shymkent Hub аймақтық технопаркі бір жыл бұрын ашылды. Орталықты ашудағы негізгі мақсат — технологиялық кәсіпкерлікті ілгерілету, стартап-мәдениетті қалыптастыру, IT-саланы және цифрлық білім беруді дамыту.
Ашылғаннан бері Shymkent Hub аймақтық технопаркінде 4000-нан астам адамның қатысуымен 180-нен астам іс-шара өтті.
Осы уақыт ішінде TechDames қауымдастығы іске қосылды. Бұл — IT-ге қызығушылық танытатын қыздар мен әйелдерге арналған алаң. Мұнда тәжірибе алмасу және жаңа жобаларды дамыту үшін Boot Camp, воркшоптар және оқу кездесулері өтеді.
Сонымен қатар, FutureMakers стартаперлер қауымдастығы құрылды: бұл жас кәсіпкерлер мен инноваторларға арналған кеңістік, олар үнемі кездесіп, тәжірибелерімен бөліседі, идеяларды талқылайды және дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздейді.

Shymkent Hub-тың көмегімен Robopark филиалы ашылды. Бұл — балаларға арналған робототехника бойынша білім беру алаңы. Қазірдің өзінде 187 оқушы алғашқы қадамдарын жасап, осы салада практикалық дағдыларға ие болды.
FutureMakers Hackathon өткізілді: екі кезеңді хакатонға Шымкент пен Тараздан 35 команда қатысты. «Арал», «Dev hills» және «Q-force»командалары жеңімпаз атанды. Жалпы жүлде қоры «Азия Сервис» компаниясының қолдауымен 1,2 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ, Шымкенттегі Көрме орталығында қаланың цифрландыру басқармасының қолдауымен GDG Fest конференциясы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты -ақпараттық технологиялар саласында тәжірибе, білім және идеялармен алмасу.
Сонымен қатар, Shymkent Hub-тың қатысуымен Beeline компаниясының алғашқы Boot Сamp-ы өтті. Boot Самр (ағылш. «оқу лагері») — бұл ең аз мерзімде жаңа дағдыларды игеруге немесе жаңа білім алуға болатын қарқынды курстардың форматы. Оқу лагері пайдалы сессияларға, жанды әңгімелерге және Beeline командасымен бірлескен жұмысқа толы болды. Қатысушылар жаңа білім алып, өзекті идеяларды талқылап, болашақ жобаларға энергия жинады.
