ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН САЯБАҚТАР ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Шымкентте 2026 жылға дейін қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту жұмыстары жалғасады. Мемлекетке қайтарылған «Кең Баба», «Қиял әлемі» саябақтары және «Көктем» базарының аумағы заманауи талаптарға сай абаттандырылып, демалыс аймақтарына айналады.

«Кең Баба» саябағы жапондық стильде қайта қалыптастырылып, сакура ағаштары отырғызылады. «Қиял әлемі» аумағы жастарға арналған креативті кеңістіктер мен амфитеатрлар орналастырылған урбанистік саябаққа айналады. «Көктем» базары аумағында жаяу жүргіншілер жолдары мен көгалдандырылған аллеялары бар сызықтық парк құрылады.

Сонымен қатар, «Қошқар ата» өзені кезең-кезеңімен абаттандырылуда. 2023 жылы «Ордабасы» алаңынан Жангельдин көшесіне дейінгі бөлігі, 2025 жылы Жангельдин көшесінен Интернациональная көшесіне дейінгі аумақ пайдалануға берілді. 2026 жылы Интернациональная көшесінен Дулатов көшесіне дейінгі аралықта абаттандыру жұмыстары жоспарланған.

Бұл бастамалар қаланың сәулеттік келбетін жаңғыртып, әлеуметтік белсенділікті арттырып, экологиялық ахуалды жақсартады және туристік тартымдылығын күшейтеді. Бұл туралы Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Оңғар Әбілқайыр Бақытқалиұлы мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар