ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: Е-БИРЖА МҮМКІНДІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығы Еңбекші ауданы бойынша Мансап орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан–Түркия саябағында шағын жәрмеңке өткізіліп, тұрғындарға Enbek.kz порталындағы бос жұмыс орындары таныстырылды.

Enbek.kz электрондық еңбек биржасы азаматтарға жұмысқа орналасуға, персоналды іздеу мен іріктеуде жұмыс берушілерге жәрдем көрсететін портал. Электрондық еңбек биржасы — бұл мемлекеттік мансап орталықтарынан да, жеке агенттіктерден де, онлайн-сайттардан да бос жұмыс орындары мен түйіндемелерді жинақтайтын елдегі алғашқы цифрлық алаң.
Мансап орталығының мамандары саябаққа келген әрбір тұрғынға жұмыспен қамту мүмкіндіктері, қысқа мерзімді кәсіптік оқулар, кәсіпкерлік негіздері, өңіраралық жұмыспен қамту, сондай-ақ Enbek.kz қосымшасы арқылы бос орындарды қарау тәртібі туралы кеңес берді.
Сондай-ақ тұрғындарға жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпарат пен Enbek.kz және migration.kz порталдарының QR-коды бар ақпараттық парақшалар таратылды.
Аталған QR кодтарды сканерлеу арқылы Enbek.kz порталынан Шымкент қаласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда қолжетімді бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуға болады.
Ал еңбек күші жетіспейтін солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындарын көру үшін migration.kz белгісі бар QR кодты сканерлеу жеткілікті.
Мұндай қолжетімділік тұрғындарға үйден шықпай-ақ, Enbek.kz қосымшасы арқылы бос жұмыс орындарын қарап, жұмыс берушілермен бейнебайланыс арқылы әңгімелесуге мүмкіндік береді.

Е-биржа жүйесінің жұмыссыздықты азайту мен сапалы әрі жылдам қызмет алудағы маңызы зор.

Жобаның халыққа қолжетімділігі басты назарға алынып, қарапайым әрі түсінікті форматта жасалған. Әлі де жаңа мүмкіндіктер қарастырылып, оң өзгерістер жасалмақ.

Мемлекеттің қозғаушы күші, діңгегі адам капиталы екенін ескерсек, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету осындай жұмыстардан бастау алары анық.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар