2026 жылы Шымкентте экологияны жақсарту және жайлы жасыл орта қалыптастыру мақсатында кешенді көгалдандыру жұмыстары басталады. Жобалар аясында:
1,6 млн түп сәндік бұта магистральды көшелер мен жол жиектеріне отырғызылады. Заманауи тамшылатып суару жүйесі орнатылып, эстетикалық талаптарға сай безендіріледі.
Қаланың алты басты көшесінде тік көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Арнайы конструкциялар, вазондар мен гүл құмыралары орналастырылады. Бұл шағын аумақтарды тиімді пайдаланып, қаланың көркін арттырады және микроклиматты жақсартады.
Асар шағын ауданындағы 2 гектар жылыжайда көпжылдық және біржылдық гүлдер өсірілуде. 2026 жылға қажетті гүл қоры толық қамтамасыз етіледі.
Бұл бастамалар қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Жобалардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.
