Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың облыстар арасындағы 2024 жылға арналған өңірлік квотасы» 29.12.2023 жылы №543 бұйрығына сәйкес жалпы 9483 квота қарастырылған. Оның ішінде 3033 қандастар мен 6450 қоныс аударушылар қаралған. Абай облысына — 525 адам, Ақмола облысына — 535 адам, Қарағанды облысына — 43 адам, Қостанай облысына — 1053 адам, Павлодар облысына — 3505 адам, Солтүстік Қазақстан облысына — 2909 адам, Ұлытау облысына — 132 адам, Шығыс Қазақстан облысына 781 адамға квота бөлінді.
2024 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша Шымкент қаласынан 126 отбасы, 502 адам қоныс аударды. Оның ішінде:
35 отбасы, 163 адам Павлодар облысы.
65 отбасы,245 адам Солтүстік Қазақстан облысы.
3 отбасы , 7 адам Абай облысы.
1 отбасы , 1 адам Ұлытау облысы.
3 отбасы , 10 адам Қарағанды облысы.
9 отбасы , 41 адам Қостанай облысы.
10 отбасы, 35 адам Шығыс Қазақстан облысына қоныс аударған.
Қоныс аударған 502 адамның 229-ы жұмысқа қабілетті, оның ішінде 144-і тұрақты жұмыспен қамтылған, 22 адам үй шаруасындағылар, 19 адам кәсіпкерлік қызмет, 54 адам басқа себептермен жұмысқа орналасқан жоқ.
Айта кетейік, тамыз айында да өңіраралық еңбек ұтқырлығы мен ішкі мобильділікті ынталандыру мақсатында қоныс аударушылар мен қандастарды Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған өңірлерге көшіру мақсатында, Шымкент қаласы Бәйтереков көшесі 89 ғимаратында Павлодар облысы және Солтүстік Қазақстан облысының қызметкелері мен жұмысшы топтарының қатысуымен халықпен кездесу ұйымдастырылған болатын. Өңіраралық көшіру бағдарламасы бүгінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Кездесуге қатысушы азаматтарға жоғарыда аталған облыстық делегаттар құрамы қоныс аударушыларға ұсынылатын жеңілдіктер, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шаралары туралы толық ақпараттар ұсынды. Аталған іс-шараға 30-ға жуық тұрғын қатысып, 9 отбасы жоғарыда аталған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуға ниет білдірген.