СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС НЫҒАЮДА

Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам арасындағы тығыз байланысты орнату, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын табуда. Осы орайда Созақ ауданының Созақ ауылдық округі әкімі аппаратында кезекті «Ашық есік күні» жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шара барысында округ тұрғындары өздерін толғандырған жеке мәселелері бойынша әкім аппаратының өкілдерінен қабылдауда болып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік алды. Жиын барысында азаматтар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен өтініштер жан-жақты тыңдалып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес толық түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, тұрғындар көтерген өзекті мәселелердің шешу жолдары назарға алынып, тиісті қарастырылу үстінде.

Мұндай ашық қабылдау форматтары билік пен халық арасындағы тиімді әрі сенімді қарым-қатынасты нығайтуға, жергілікті жердегі түйткілді мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды оңтайлы шешуге кең жол ашады. Тұрғындардың мұқтаждығына құлақ түріп, ашықтық қағидатын ұстанған Созақ ауылдық округі әкімдігі халықпен кері байланысты одан әрі күшейту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыратын болады.

 

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар