Түркістан қаласының әкімдігі халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақсартып, салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстарды атқаруда. Бұл бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – қала әкімдігіне тиесілі «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты «Белсенді ұзақ өмір» орталығының қызметі.
Бүгінгі таңда «Белсенді ұзақ өмір» орталығы қалада үш жерде: «Жеңіс» саябағында, «Бекзат» және «Отырар» тұрғын алқаптарында өз қызметін белсенді түрде жүзеге асыруда. Бұл орталықтар қалада тұратын зейнет жасындағы азаматтарға жан-жақты жағдайлар жасауды мақсат етеді.
Мұнда зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуі, денсаулығын нығайтуы және әлеуметтік белсенділігін арттыруы үшін кең мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтқанда, азаматтар шахмат, дойбы, бильярд, үстел теннисі сияқты интеллектуалды ойындармен айналыса алады. Сонымен қатар, ән-күй, би және қолөнер үйірмелеріне қатысу арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндіктері бар. Бұған қоса, зейнеткерлерге бірқатар медициналық қызметтер тегін көрсетіледі.
Айта кету керек, азаматтарға көрсетілетін қызметтерді өз саласының тәжірибелі әрі білікті мамандары жүргізеді. Бұл қызметтердің сапалы әрі тиімді болуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары қызмет алушы азаматтарға мынадай әлеуметтік қызмет түрлерін ұсынып келеді:
Әлеуметтік медициналық қызметтер: бұған массаждар, аппаратпен аяқ массажы, емдік дене шынықтыру, ритмдік және жай гимнастика, йога, Айкуне немесе омыртқа гимнастикасы, фитотерапия, скандинавиялық жүріс, тұзбен демалу, су бассейнінде жүзу сияқты денсаулықты нығайтуға бағытталған түрлі шаралар кіреді.
Қазіргі кезде «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары қызмет алушы азаматтарға мынадай әлеуметтік қызмет түрлерін:
а) әлеуметтік медициналық, оның ішінде: массаждар,аяқ массажы аппаратпен,емдік дене шынықтыру,ритмдік гимнастика,жай гимнастика, йога,Айкуне немесе омыртқа гимнастикасы,фитотерапия, скандинавиялық жүріс,тұзбен демалу,су бассейнінде жүзу.
ә) әлеуметтік -психологиялық;
б) әлеуметтік- ағартушылық;
в) әлеуметтік- құқықтық;
г) әлеуметтік- экономикалық;
ғ) әлеуметтік — еңбек:
д) әлеуметті — еңбек пен
е) әлеуметтік- тұрмыстық салаларда ұсынып келеді.
Осылайша, Түркістан қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары зейнеткерлердің тек физикалық денсаулығын ғана емес, сонымен қатар рухани, психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын да арттыруға бағытталған кешенді қызметтерді ұсынып, олардың белсенді және мағыналы өмір сүруіне зор үлес қосуда. Бұл бастамалар қала тұрғындарының, әсіресе аға буын өкілдерінің өмір сапасын жоғарылатуға айқын дәлел болып табылады.
