ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Аида Балаева «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция аясында тарихи мұраны сақтау, ұлттық бірегейлікті нығайту және рухани құндылықтарды ілгерілету мәселелерін талқылады.

Мәдениет және ақпарат салалаының қоғамдық құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі аталып өтті. «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының рухани және тарихи-мәдени орталық ретіндегі маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Кездесуде музей ісін жетілдіру, экскурсиялық қызмет сапасын арттыру, ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, Аида Балаева Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі реставрация жұмыстарымен танысып, ескерткіштің тарихи келбетін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
