Көпқабатты үйлер – қалалық өмірдің ажырамас бөлігі. Көпқабатты үйлердің ұзақ мерзімді және қауіпсіз қызмет етуі тек құрылыс сапасына ғана емес, сонымен қатар оларды тиімді күтіп ұстауға да байланысты. Көп қабатты үйлерді күтіп ұстау – бұл тек сыртқы келбетті жақсарту ғана емес, сонымен қатар инженерлік жүйелердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау және үйдің жалпы құнын арттыру.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласы бойынша жалпы 422 көпқабатты тұрғын үй бар, оның ішінде 127 үй Басқару формасын құруды қажет етпейді, 65 үй коммуналдық меншіктегі үйлер – көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау бойынша «Басқарушы компанияның» басқаруында, қалған 230 үйге «Мүлік иелерінің бірлестігін» (құрылғаны — 200 үй) құруды қажет етеді. Қалған 30 көпқабатты тұрғын үйлерге түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Кондоминиум нысаны ретінде 229 көпқабатты тұрғын үйлер тіркелген, қалған 128 көпқабатты тұрғын үйлерді реттілігімен тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Түркістан қаласында көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін 8 мекеме бар. Олар: «ОҚО үйлерін басқару» ЖШС, «Түркістан үйлерді басқару» ЖШС, «Түркістан қызмет сервис» ЖШ, «Тепло Сервис» ЖШС, «ЭКО Сервис Туркестан» ЖШС, «Керемет Түркістан» ЖШС, «Рухани Астана Түркістан Сервисі» ЖШС, «Қамқор» ЖШС, «Ғибрат» ЖК, «Тұран Инвестор» ЖШС, «PB SERVICE» ЖШС.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға түзетулер енгізілген болатын. Бұл заң көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруды жеңілдетуге, басқарушы субъектілердің жұмысының ашықтығын арттыруға және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған. Мұнда азаматтардың нақты сұранысы ескерген. Сондай-ақ цифрлық құралдар енгізуге және ПИК, МИБ пен ТББ жұмысына құқықтық негіз жасалған.
Айта кетейік, заңдағы өзгерістер биыл 15 қыркүйектен бастап күшіне енген.
