САНАЛЫ ЖАСТАР – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕПІЛІ

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен өткен «Шешім қабылдаудың жолы, өзіңді тану» атты дөңгелек үстел маңызды әлеуметтік-құқықтық бастамалардың біріне айналды. Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға деген терең құрметті сіңіру және өмірлік маңызды шешімдерді саналы түрде қабылдауға үйрету мақсатында ұйымдастырылған бұл кездесу қазіргі қоғамның өзекті талаптарына толық жауап береді.

Іс-шара барысында қатысушылар тек теориялық мәселелерді талқылап қана қоймай, заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, тұлғалық даму және өмірлік дұрыс таңдау жасау сынды келелі мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұл кездесу – Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалардың логикалық жалғасы іспетті. Өйткені, мемлекетімізде құқықтық мемлекет құру қағидатын іске асыру әрбір азаматтың, әсіресе жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырудан басталады.

Жастардың заңды білуі, өз құқығын қорғай алуы және міндетін жете түсінуі – ертеңгі әділетті қоғамның іргетасын қалаудың басты кепілі. «Заң мен тәртіп – дұрыс шешім қабылдаудың жолы» деп аталатын тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілікті оятып, оларды қоғам өміріне белсене араласуға ынталандырады. Мұндай іс-шаралар арқылы қалыптасатын саналы әрі жауапты жастар – мемлекетіміздің жарқын болашағы мен тұрақты дамуының негізгі күші екені даусыз.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар