Мемлекеттің басты байлығы – оның азаматтары және олардың қауіпсіздігі. Ал қауіпсіз тіршіліктің ең басты кепілі — қоғамдық тәртіптің қатаң сақталуы. Қоғамдық тәртіп дегеніміз тек көшедегі тыныштық қана емес, бұл — заң үстемдігі, азаматтардың бір-біріне деген құрметі және мемлекеттік құндылықтардың қорғалуы. Осы орайда Төлеби ауданында полиция қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бір нүктелік іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында полиция қызметкерлері белгіленген аумақта қызмет атқарып, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтіліп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Шара барысында жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, күдікті тұлғалар мен көлік құралдарын бақылау, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытында тиісті жұмыстар атқарылды. Бұл шаралар қылмыстың алдын алуға және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Полиция бөлімінің қызметкерлері алдағы уақытта да қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыратынын мәлімдеді. Мұндай профилактикалық іс-шаралардың жүйелі түрде өткізілуі аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
