ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Төлеби ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда, Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Раджу Сайлауұлының қатысуымен Көксәйек ауылдық округінде учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған кезекті каскадты оқу семинары ұйымдастырылды.

Маңызды басқосудың басты мақсаты – сайлау комиссияларының кәсіби біліктілігін арттырып, алдағы науқанды жоғары деңгейде және заң талаптарына сай өткізуді қамтамасыз ету.

Семинар барысында сайлау процесін ұйымдастырудың құқықтық негіздері пен учаскелік комиссиялардың нақты өкілеттіктері жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, дауыс беру күні комиссия мүшелерінің әрбір іс-әрекетінің дұрыс болуы, сайлау құжаттарын қатаң рәсімдеу тәртібі мен ашықтықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар сайлау заңнамасындағы жаңалықтармен танысып қана қоймай, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар мен тәжірибелік ұсынымдар алды. Мұндай оқыту шаралары сайлау процесінің әділ, ашық әрі демократиялық қағидаттарға сай өтуіне берік негіз қалайды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар