Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар күл-қоқыстан тазартылды.
Әл-Фараби ауданында тұрғындар мен коммуналдық қызмет мамандары Терiскей шағынауданының №33, 35 және 37 үйлерінің аулаларын ретке келтіріп, балалар ойын алаңдары мен көгалдарды қоқыстан тазартты.
Сенбілікке қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты арттырады.
— Табиғат – біздің аманатымыз. Әрбір аула мен көше, саябақтың таза болуы – келер ұрпаққа қалдыратын мұрамыз. Бүгінгі акция – экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Сондықтан мұндай бастамаларға тұрғындардың бәрі қатысуы қажет, – дейді қала тұрғындары.
Тазалық ак ндағы Асфендияров көшесінің бойы тазаланса, Еңбекші ауданында №30 мектеп маңы ретке келтірілді. Қаратау ауданында Нұртас шағын ауданындағы Кеңжарық және Құлагер көшелерінің бойы күл-қоқыстан тазартылып, Тұран ауданында Темірлан тас жолының бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылды.

Айта кетейік, тазалық жұмыстарына қала жастары да белсенді қатысты. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен волонтерлар мен қала жастары экологиялық шараға өз үлестерін қосты.
Жалпы, бүгінде Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясының нәтижесін нақты көріп отыр. Қалада тазалық мәдениеті қалыптасып келеді. Қала тұрғындарының пікірінше, мұндай бастамалар тек экологиялық ахуалды жақсартуға ғана емес, көршілер арасындағы сыйластық пен өзара ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.
«Тазалық – иманның жартысы» деп бекер айтылмаған. Бүгінгі өткізілген тазалық шарасы Шымкент қаласының жасыл келбетін сақтап қана қоймай, қоғам мүшелерін ортақ жауапкершілікке, табиғатты аялауға және туған жерді көркейтуге шақырып отыр.
