Жамбыл облысында биыл 770 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл шаралар «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылуда.
2026 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 57 434 адам баспана кезегінде тұр, оның 31 055-і әлеуметтік осал топтарға жатады. Оларды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік тұрғын үйлер салынып, дайын пәтерлер сатып алынуда.
2025 жылы 768,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 20,5%-ы бюджет есебінен салынды. Биыл 15,4 млрд теңгеге 66 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін 35 үй аяқталады. Сондай-ақ, әлеуметтік осал топтар үшін 350 пәтер сатып алынады.
