«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ»: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Қазақстан Республикасының өңірлерін дамыту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстардың маңызды бөлігі – жастарды еңбекке баулу және оларды жұмыспен қамту. Осы мақсатта жүзеге асырылып жатқан тиімді бағдарламалардың бірі – «Жастар практикасы». Бұл бағдарлама жас мамандарға тәжірибе жинақтап, еңбек жолын бастауға зор мүмкіндік береді.

Бәйдібек ауданының тұрғыны Алтынай Түймебекқызы – «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан жастардың бірі. Ол бұл бағдарлама туралы аудандық Мансап орталығына барғанда білген. Өзінің мамандығына сәйкес жұмыс іздеп жүрген Алтынай үшін бұл бағдарлама нағыз мүмкіндік болды. Ол дереу құжат жинауға кірісіп, бағдарламаға қатысуға өтініш берді.

«Жастар практикасы» бағдарламасына қатысу үшін Алтынайға жеке куәлік, жоғары оқу орнын бітіргенін растайтын диплом және банк шоты қажет болды. Ол бұл процестің ешқандай қиындықсыз өтті дейді. “Бір апта ішінде бағдарлама бойынша жұмысқа орналастым. Жұмыс таба алмай жүрген уақытта осындай мүмкіндік берілгеніне қатты қуандым. Сөйтіп, мектепке жұмысқа қабылдандым», – дейді Алтынай Түймебекқызы.

Алтынайдың пікірінше, «Жастар практикасы» бағдарламасының ең басты артықшылығы – жас маманның өз мамандығына сай, жалақысы жоғары жұмыс тапқанша тәжірибе жинақтай алуы. Бұл бағдарлама жас мамандарға теориялық білімін практикамен ұштастыруға, жұмыс әлемінің қыр-сырын меңгеруге және болашақ мансабына сенімді қадам жасауға көмектеседі.

«Жастар практикасы» бағдарламасы өңірлерді дамытудың маңызды құралы болып табылады. Ол жастардың жұмыспен қамтылуын арттырып, олардың әлеуметтік белсенділігін нығайтады. Бұл бағдарлама арқылы жас мамандар өз біліктілігін арттырып, еліміздің дамуына өз үлестерін қоса алады. Алтынай Түймебекқызы сияқты жастардың табысты мысалдары, бұл бағдарламаның тиімділігін айқын көрсетеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар