Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – бүгінгі күннің негізгі міндеті. Мемлекет басшысының тапсырмасының бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты тұрақты жұмыспен қамту. Сол себепті де тұрғындарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамту күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналған. Яғни жастардың тұрмыс сапасын жақсарту – негізгі міндет.
Осы орайда Шымкентте «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Алаш» сауда орталығында жастарға мемлекеттік бағдарламаларлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мамандар базарда жүрген 40 жасқа жастарды жұмыспен қамтуға арналған «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» мен жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларын түсіндіріп, жадынамалық парақшалар таратты.