Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысымен №206 учаскелік сайлау комиссиясы (УСК) мүшелері С.Аблазов пен ҚЖамаловтың ұйымдастыруымен оқыту семинары өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінде соңғы жылдары енгізілген өзгерістерді түсіндіру және учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің қызметін жетілдіру болды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мен сайлау жүйесіне қатысты енгізілген негізгі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Соңғы жылдары қабылданған реформалардың басты мақсаты – сайлау процесінің ашықтығын арттыру, азаматтардың сайлауға қатысуын кеңейту және саяси бәсекелестікті күшейту болып табылады. Бұл бағытта қабылданған шаралар сайлау жүйесінің сенімділігін арттырып, демократиялық институттардың дамуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, семинарда Ұлттық құрылтайды әзірлеу мен өткізу барысындағы учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің қызметі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қатысушыларға учаскелік сайлау комиссияларының міндеттері, олардың сайлау процесіндегі рөлі мен жауапкершілігі түсіндірілді. Бұл оқыту шарасы комиссия мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыруға және сайлау процесін әділ әрі ашық өткізуге бағытталған.
Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткен бұл семинар сайлау жүйесінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың сайлауға деген сенімін нығайтуға маңызды үлес қосатыны сөзсіз. Алдағы уақытта да осындай оқыту шаралары тұрақты түрде өткізіліп, сайлау комиссияларының жұмысы одан әрі жетілдірілетін болады.
