ЖОЛҒАБАС АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАҢА СЕРПІН

Қазақстан Республикасының Президенті ауылдарды дамытуға ерекше мән беретіні белгілі. Жыл өткен сайын ауылдың әлеуеті артып, жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Бұл үрдіс тек экономикалық өсіммен шектелмей, сонымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қамтиды. Осы бағыттағы жұмыстардың жарқын мысалы ретінде Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылдық округіне қарасты Жолғабас ауылындағы жаңа бастамаларды атап өтуге болады.

Бүгінгі таңда Жолғабас ауылында балалар ойын алаңшасы мен жаңа аллея салынып жатыр. Бұл жобалар ауыл тұрғындарының, әсіресе жас ұрпақтың демалыс уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына және ауылдың көркеюіне ықпал етеді. Аллеяда жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстары ауылдың келбетін жақсартып, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бұл әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаның уақытылы жүзеге асырылуы аудан басшылығының жіті бақылауында.. Мемлекет басшысының ауылдарды дамытуға деген ұстанымы осылайша жергілікті деңгейде нақты істермен жүзеге асуда. Жаңа демалыс орны мен ойын алаңы пайдалануға берілген соң ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет ететін болады. Бұл тек балалар үшін ғана емес, сонымен қатар ересектер үшін де кездесуге, серуендеуге және ауылдастарымен араласуға арналған тамаша орынға айналмақ.

Жолғабас ауылындағы бұл жаңалық – ауылдарды өркендету бағытындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін көрсететін айқын дәлел. Мұндай жобалардың жалпыұлттық деңгейде жүзеге асырылуы ауылдық жерлердің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына және еліміздің әрбір бұрышының гүлденуіне жол ашады. Ауылдың әлеуеті артып, жаңа мүмкіндіктер ашылған сайын, Қазақстанның болашағы да жарқын болары сөзсіз.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар