ҚАЛАУЫН ТАПСА, ҚОҚЫС ТА ТАБЫС ӘКЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық дамуының негізгі тірегі ретінде отандық кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән береді. Бұл бағыт мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылады, өйткені кәсіпкерлік – жаңа жұмыс орындарын ашудың, инновацияларды енгізудің, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың және халықтың әл-ауқатын көтерудің негізгі қозғаушы күші.

Осы мемлекеттік саясаттың аясында, еліміздің әр өңірінде кәсіпкерлікке деген жаңаша көзқарас қалыптасып, табысты жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Кентау қаласында 2018 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Қаратау Полимер» ЖШС. Кәсіпкер Ұлықбек РАХЫМЖАНҰЛЫ басқаратын бұл кәсіпорын, еліміздің экономикасына және экологиясына оң ықпал ететін ерекше бағытты ұстанып отыр.

Кәсіпорынның негізгі бағыты – шикізат өндіру және оны өңдеу. Өнімдері Ресей Федерациясына экспортталады.

Кәсіпорын пластик бөтелкені ( баклажка) қайта өңдеу арқылы бір жағынан экологияны жақсартуға үлес қосса, екінші жағынан өңделген өнімді шетелге сатып, табыс табуда. Былтыр жылдық өткізу көлемі 800 мың тоннаға жеткен. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның тиімділігін және экологиялық жауапкершілігін айқын көрсетеді.

«Биылғы мақсат – дайын өнімдерді тек шетелге экспорттау емес, қайта өңделген пластикті өз елімізде тиімді пайдалану», – дейді кәсіп иесі.

Бұл жоба Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсартуға, сонымен қатар отандық өндірісті дамытуға бағытталған.

Президент шағын кәсіпкерлік, өз кезегінде, жұмыспен қамту ісінде және халықтың табысын арттыруда аса маңызды рөл атқаратынын айтады.  Қазіргі таңда «Қаратау Полимер» ЖШС-інде 25 қызметкер еңбек етеді. Олардың жұмысы өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдаланып, экономикалық пайда әкелуге бағытталған.

Кәсіпорынның жұмысы тек экономикалық тиімділікпен шектелмей, сонымен қатар қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді. «Қаратау Полимер» ЖШС-і экологиялық таза өнімдер өндірісі арқылы халықтың экологиялық мәдениетін көтеру, пластик қалдықтарды қайта өңдеу процесін насихаттау шараларын жүзеге асыруда.

Кәсіпорынның алдағы жоспарлары арасында жаңа технологияларды енгізу, өндіріс көлемін арттыру және экологиялық таза өнімдердің ассортиментін кеңейту бар.

«Біз тек пайда табуды ғана емес, сонымен қатар, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуды да мақсат етеміз. Біздің өнімдеріміз экологиялық стандарттарға сай келеді және халықтың денсаулығына зиян келтірмейді», —  дейді Ұлықбек Рахымжанұлы.

«Қаратау Полимер» ЖШС Қазақстанның экологиялық және экономикалық дамуына үлес қосып, отандық кәсіпкерліктің дамуына серпін беретін үлгі ретінде танылып отыр. Кәсіпорынның табысты жұмысы еліміздегі экологиялық мәселелерді шешуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың тиімділігін көрсетеді.

Осылайша, «Қаратау Полимер» ЖШС-і қалдықтарды пайдаға айналдыру арқылы тек экономикалық емес, экологиялық тұрғыдан да маңызды үлес қосып, еліміздің болашағына оң әсерін тигізуде.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар