Home Түркістан ӘКІМДЕР САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

ӘКІМДЕР САУРАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

0
100

Бүгін Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас және Төлеби аудандарының әкімдері, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдері Сауран ауданына арнайы іс-сапармен барды.

Сапар барысында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев сөз алып, Сауран ауданындағы жүйелі жобалар мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмыстарға жоғары баға беріп, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Басты мақсаты – өңірлік кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тәжірибелерімен танысу, индустриялық жобалардың жүзеге асу барысын көзбен көру, нысандарды аралап, тәжірибе алмасу.

Іссапар барысында алдымен Шаға ауылдық округіндегі өндірістік паркті аралап көрді. Аталған өндірістік аймақта бүгінде бірқатар ірі жобалар іске асырылып жатыр. Бұдан соң делегация Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан елді мекенінде орналасқан өндірістік аймақты аралап, ондағы жобалармен танысты. Келесі кезекте делегация Қарашық ауылындағы 10 гектарлық өндірістік аймақты аралап шықты.

Аудан және қала әкімдерінің бұл сапары өндірістік нысандарды аралап көру, тәжірибе алмасу арқылы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және басқа өңірлерде де осы секілді жобаларды жүзеге асыруға тың серпін берері анық.