26/11/2024

ТҮРКІСТАНДА ӘР ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТІП ЖАТЫР

«Түркістан қаласында орналасқан «Эко базар» аумағында әр аптаның жұма-сенбі күндері Түркістан облысының ауыл шарушылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгін, 11 қарашада «Эко базар» аумағына 68 тонна көлемінде облыстағы 4 ауданнан (Созақ, Кентау, Қазығұрт, Сауран аудандарынан) ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, базардағы бағадан 10-15% төмен бағада саудалануда. Сонымен қатар жәрмеңкеде Түркістан облыстық тұрақтандыру қоры тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан 10 тонна көлемінде күнбағыс майы, сәбіз, құмшекер, тұз, макарон өнімдері тұрғындарға төмендетілген бағамен ұсынылып жатыр.
Narkesken.kz

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар