26/11/2024

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,8%-ҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Қазіргі таңда елімізде жұмыссыздықпен күрес мемлекет үшін  маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Ол үшін әртүрлі бағдарламалар мен  іс-шаралар жүргізіліп жатыр.  Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылдың 2 тоқсандағы жағдай бойынша Шымкент қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға төмендеген. 

Шымкентте 2024 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 30 207 азаматты жұмыспен қамту жоспарланса,  10 айдағы көрсеткіш бойынша жұмыспен қамту шараларына 26 940 тұрғын қатысты.  Олар “Жастар практикасы”, Алғашқы жұмыс орны”, “Күміс жас” жобалары мен қоғамдық жқмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары секілді субсидияланатын жұмыс орындары арқылы жұмыспен қамтылған.

Жалпы жұмыссыздықпен күрес – ел дамуына үлес. Осыны жіті түсінген Еңбек мобильділігі орталығы мамандары күнделікті өтініш білдірушілер мен жастарға екі қолға бір күрек тауып беруге тырысуда. Жұмыссыздық деңгейін төмендету – тек экономиканың емес, сонымен қатар азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының да көрінісі.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар