Шымкентте Орталық саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қалалық әкімдіктің қолдауымен Чернобыль және Семей полигоны ардагерлерінің бірлестігі ұйымдастырған шахмат жарысы өтті.
Жарысқа қаламыздың қадірменді зейнеткерлері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – ардагерлердің қоғамдағы белсенділігін арттыру, денсаулықты нығайту, сондай-ақ олардың арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту.
Зияткерлік додада ардагерлер өз шеберліктерін көрсетіп, қызықты партиялар өткізді.
Жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.