ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛҒА АЛДЫ

Қазір кәсіп бастағысы немесе кәсібін ұлғайтқысы келгендерге мемлекет тарапынан қолдау көп. Мемлекеттік қайтарымсыз грант – соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Қайтарымсыз гранттың көмегімен кәсіп бастағандардың бірі – Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғыны, кәсіпкер Қалдыкүл Ермекова.  Бұл қаржыға ол  қажетті құрал-саймандар сатып алып, балық шаруашылығын бастаған.

Кәсіпкер 2024 жылдың маусым айында өз бизнес жобасын ұсынып, комиссия шешімімен қайтарымсыз 1 476 800 теңге алған.

Қазіргі таңда Қалдыкүл Ермекова жеке кәсіпкерлігін ашып, өз жұмысын дөңгелетіп отыр. Бүгінде мұндағы көлемі 40 және 120 текше метрлік бассейндерде форель, сазан және бекіре балықтары бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында балық шаруашылығына айрықша көңіл бөлу қажеттігін айтқан болатын. Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны артып келеді.

Кәсіпкер алдағы уақытта ауданға қарасты жергілікті Жібек жолы ауылдық округінен жер телімін алып, жасанды көл жасауды көздейді. Осылайша ол балық  көлемін 50 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар