КЕЛЕС АУДАНЫ: ГАЗДАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІ 71%-ҒА ЖЕТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру және елді мекендерді газдандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Келес ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде аудан бойынша барлығы 83 елді мекен болса, соның 59-ы «көгілдір отын» жүйесіне қосылған. Бұл жалпы қамту көрсеткіші 71,1 пайызды құрайды.

Қалған 24 елді мекенге де табиғи газ тарту мәселесі біртіндеп шешілуде. Атап айтқанда, 4 елді мекенде қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, 9 елді мекенге магистральды газ құбырын тарту үшін қажетті жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамалық оң қорытындысы алынған. Бұл елді мекендер қатарына Бірлік ауылдық округіндегі Жаңатіршілік, Қосөткел, Үшағаш, сондай-ақ Ошақты округіндегі Бақшысай, Ынталы, Саттаров, Қаратал, Атақоныс және Жиделі ауылдары кіреді.

Аудан орталығы Абай ауылында табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткен. Дегенмен, кейбір көшелер мен тұрғын үйлерде жіңішке диаметрлі газ құбырларын ауыстыру қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты жаңа жобалар әзірлеу мақсатында сәулет-жоспарлау тапсырмалары дайындалуда.

Айта кетейік, ел тұрғындарын газбен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы назар аударып отырған басым бағыттардың бірі. Халық игілігіне айналатын бұл маңызды жоба республика бойынша жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Әсіресе ауыл-аймақтарды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар