КЕНТАУ: ҚҰСШЫ АТА МЕН ҚАРНАҚ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАРЫҚШАМДАР ОРНАТЫЛУДА

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының Құсшы ата елді мекенінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі таңда аталмыш аумақтағы Құсшы ата және Ынтымақ көшелерін сапалы жарықпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы инфрақұрылымдық шаралар қолға алынды. Жоба аясында бұл көшелерге жалпы ұзындығы 1 200 метр болатын өзін-өзі ұстайтын оқшауланған сым желісі тартылып, 25 дана сенімді темір электр бағанасы орнатылуда. Бұған қоса, көше бойына қуаттылығы 100 ватт болатын 34 жарық шамы орнатылып, кешкі және түнгі уақытта тұрғындардың еркін жүріп-тұруына толық жағдай жасалады.

Осы оң өзгерістермен қатар, Қарнақ ауылындағы Үйрек ата және Бумын қаған көшелерінде де заманауи көше жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары қатар жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жоба шеңберінде 1 600 метр СИП желісі тартылып, 23 дана темір электр бағанасы тұрғызылу көзделген. Сонымен қатар, бұл көшелерге де 100 ватт қуаттылығы бар 38 жарық прожекторы орнатылып, ауыл көшелерінің ажарын ашып қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін едәуір көтереді деп күтілуде. Аталған игі бастамалар өңірдегі тұрғын үй массивтерінің инфрақұрылымын жақсартып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған жұмыстардың жүйелі түрде жалғасып жатқанын айғақтайды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар