ГИД ПЕН ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ ҚЫЗМЕТІН ОНЛАЙН ҚАЛАЙ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ?

Қазақстанда гид, экскурсия жүргізушісі немесе туризм нұсқаушысы ретінде жұмыс бастаған азаматтар қызметінің басталғаны туралы хабарламаны үйден шықпай-ақ онлайн жолдай алады.

Бұл қызметті eLicense.kz электрондық лицензиялау порталы арқылы рәсімдеуге болады. Ең бастысы – электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек.

Хабарлама беру тәртібі төмендегідей:

1-қадам. eLicense.kz порталына кіріп, ЭЦҚ арқылы жүйеге тіркеліңіз немесе жеке кабинетіңізге өтіңіз.

2-қадам. «Мәдениет, туризм және спорт» бөлімін ашып, «Хабарлау тәртібі» санатын таңдаңыз.

3-қадам. Қызметтер тізімінен Қазақстан Республикасында гид, экскурсия жүргізушісі немесе туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беру қызметін табыңыз.

4-қадам. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, сұралған мәліметтерді толтырыңыз. Ақпараттың дұрыстығын тексеруді ұмытпаңыз.

5-қадам. Дайын хабарламаға ЭЦҚ арқылы қол қойып, жолдаңыз.

Хабарламаның мәртебесін порталдағы жеке кабинетіңіздің «Менің хабарламаларым» бөлімінен тексеруге болады.

Айта кетейік, қызмет тегін көрсетіледі және толығымен онлайн форматта жүзеге асырылады.

Осылайша, гид, экскурсия жүргізушісі және туризм нұсқаушысы қызметін бастауға қатысты хабарламаны мемлекеттік органға бармай-ақ электронды түрде жолдауға мүмкіндік бар.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар