«АРХИВ-2025»: ҚОРДА САҚТАУЛЫ 20 700 ҚҰЖАТТЫҢ 2 531 950 ПАРАҒЫ ЦИФРЛЫ ТАҢБАҒА КӨШІРІЛДІ

Ұлтымыздың өткенін зерттеп, електен өткізуіне қажетті құнды деректердің көзі болып табылатын архивтердегі құжаттарды цифрландыруға мүмкіндік берген жоба елімізде 2018 жылы қолға алынған, ал  Шымкент қалалық мемлекеттік архиві құжаттарды цифрландыруға 2020 жылдан бастап кіріскен.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған  «Архив-2025» жобасы ұлтымыздың өткенін зерттеп, електен өткізуіне қажетті құнды деректердің көзі болып табылатын архивтердегі құжаттарды цифрландыруға мүмкіндік берді.

Құжаттар басымдығына қарай үш кезеңде цифрландырылды. Бірінші кезекте тұрақты сақтауға жататын және барынша сұранысқа ие құжаттарға басымдық беріледі. Екінші кезекте жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындау барысында жиі қолданылатын өз қызметін тоқтатқан өнеркәсіп кәсіпорындар мен ұйымдардың құжаттары, содан кейін ғана
басқарушылық құжаттар цифрландырылды.

Кешенді жоспар аясында архив саласының материалдық-техникалық базасын нығайту, кең форматты сканерлер, архивтік құжаттарды реставрациялау және микрофильмдеу үшін заманауи зертханалар сатып алу көзделген. Осы орайда құжаттарды электрондық форматқа ауыстыру үшін

5 планетарлы сканер алынып, бүгінге дейін қорда сақтаулы 20 700 құжаттың 2 531 950 парағы цифрлы таңбаға көшірілген.

Сәрсен Абайұлының айтуынша, архивтік құжаттарды цифрландыру бұдан былай Шымкент қаласын дамыту бойынша  жасалған жұмыс тиімділігін есептеу жүйесі (KPI)  көрсеткіштері жоспарына енгізіледі.

2024  жылы 600 мың парақ құжатты электрондық форматқа көшіру жоспарланса,  4317 сақтау бірлігінің 604 502 парағы цифрландырылған.  Биыл 650 мың парақты электронды форматқа көшіру жоспарланса, бүгінгі таңда соның 412 мыңы цифрландырылды.

Бүгінгі таңда мұрағат ғимараты толығымен жаңартылған. Мұнда заманауи көрме залы пайда болды. Онда тек жергілікті құжаттар ғана емес, сонымен қатар Ресей мен Өзбекстаннан әкелінген құнды материалдар да сақталған.

«Архив-2025» – отандық және шетелдік архивтерде сақталатын архивтік құжаттарды іргелі зерттеуге бағытталған мемлекеттік бағдарлама. Бұл дүниежүзі қазақтарының тарихына қатысты барлық деректерді жинауға мүмкіндік береді.

«Архив-2025» жобасы биыл аяқталады, бірақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігігің Архив ісі комитеті бұл жобаны әрі қарай жалғастыруға ниетті. Себебі бұл салада атқарлатын шаруа әлі де көп.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар