Халықпен кері байланыс орнату және өңірлердегі тыныс-тіршілікпен тікелей танысу мақсатында қолға алынған бетбұрысты бағыттардың бірі – жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы жүйелі сұхбат. Осы мақсатта Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың ауыл тұрғындарымен өткізіп жатқан көшпелі кездесулері кезекті рет Монтайтас және Шағыр елді мекендерінде жалғасын тапты.
Аймақтағы әрбір азаматтың үніне құлақ түріп, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын бірлесе қарастыруды көздеген бұл жүздесулер ашық пікір алмасу форматында өтті. Монтайтас ауылындағы басқосу кезінде тұрғындар күнделікті тұрмысқа қажетті өзекті мәселелерді ашық ортаға салып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Жиын барысында әрбір айтылган пікір назарсыз қалмай, қала басшысы жауапты сала жетекшілеріне түскен арыз-тілектерді заң аясында зерделеп, шешу жолдарын тез арада қарастыруды тапсырды.
Одан кейінгі сапарын Шағыр ауылында жалғастырған қала әкімі жергілікті халықпен бетпе-бет жүздесіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын талқылады.
Шағырлықтар да өз кезегінде көкейде жүрген сауалдарын қойып, өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға қатысты өз ойларын ортаға салды. Қайсар Маңқараев көтерілген әрбір мәселенің шешімі қолданыстағы заңнама мен бюджет мүмкіндіктеріне сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асатынын атап өтті.
Сондай-ақ, бұл бағытта атқарылатын жұмыстардың барлығы қала әкімдігінің қатаң бақылауында болатыны нақтыланды. Халық пен билік арасындағы бұл тығыз байланыс өңірдің әлеуетін арттырып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың нәтижелі жүзеге асуына негіз қалайды.

