«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округі аумағына ағаш отырғызу акциясына қатысып, туған жердің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Бұл ізгілікті бастама Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиеваның қолдауымен жүзеге асты.

Акцияның негізгі мақсаты – туған жерді көркейту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастар арасында табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру.
Жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен оны қорғауға деген ұмтылысы осы іс-шарада айқын көрініс тапты. «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері бұл акция арқылы экологиялық дамуға елеулі үлес қосып, «Таза және жасыл Қазақстан» құру жолындағы ұлттық міндетті орындауға белсенділік танытты.
Жастардың бұл бастамасы – болашаққа деген сенімнің белгісі. Олар табиғатқа деген жауапкершілікті терең түсініп, өздерінің іс-әрекеттерімен үлгі көрсетуде.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы бұл бастаманы қолдап, жастардың табиғатты қорғауға деген ұмтылысын жоғары бағалады. Іс-шара барысында жастардың ынтымақтастығы мен бірлігі, сондай-ақ экологиялық мәселелерге деген жауапкершілігі ерекше атап өтілді.
«Әрбір отырғызылған жас көшет – бұл тек жасыл желек емес, ол таза ауа, жайлы орта және салауатты өмір салтының кепілі. Бүгін еккен ағаш – ертеңгі жасыл болашақтың кепілі. Бұл акция жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін, оның маңыздылығын терең түсінгендігін көрсетеді. Осындай ауқымды істер арқылы жастар экологияны қорғау мен табиғатты сақтауға бағытталған әрекеттерін жалғастыруда. Олар өздерінің белсенділігімен және ынталарымен қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып, жастар арасында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруда» деп атап өтті облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева.
Акцияға қатысқан жастардың ынтымақтастығы мен бірлігі ерекше назар аударды. Олар бір-біріне қолдау көрсетіп, бірге жұмыс істей отырып, экологиялық мәселелерге деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған ортақ мақсатқа жетуге ұмтылды. Бұл жастардың қоғамдағы белсенді рөлін көрсетіп, экологиялық мәселелерді шешуге деген ынтасын арттырды.
«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігі жастардың экологияға деген жауапкершілігін арттырып, еліміздің табиғи байлықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарды жандандыра бермек ниетте.
