АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ЖӘНЕ КЕНТТЕРДІҢ БЮДЖЕТІ ҚАРАЛДЫ

Созақ аудандық мәслихатының кезектен тыс 31-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев жүргізіп отырды.

Сессияға аудандағы кент және ауыл округтерінің әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтер және кенттер бюджеті туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №165 шешіміне өзгерістер енгізу болды. Бұл мәселе бойынша ауыл және кент әкімдері тиісті хабарламалар жасады.

Сессия барысында күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша мәслихат депутаттары белсенділік танытып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Талқылаулар нәтижесінде аталған шешімге қажетті өзгерістер енгізу туралы тиісті шешім қабылданды.

Бұл сессияның өтуі ауданның қаржылық-экономикалық дамуына, жергілікті бюджеттің тиімді игерілуіне және ауылдық округтер мен кенттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар