КӨРМЕДЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында ұстаздар қауымының дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы алқалы жиынға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, министрлік пен қала әкімдігі басшылары, құқық қорғау органдарының жетекшілері, аудан әкімдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысты.

Конференция аясында білім беру саласындағы жаңа жобалар мен серіктестік ұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды. Бұл алаңда түрлі IT-компаниялардың заманауи цифрлық платформалары, инновациялық шешімдер және оқушылардың жетістіктері ұсынылды.

Көрмеге  ғылым, технология, инженерия және математика бойынша білім берумен айналысатын STEM Academy,  бағдарламалық өнімдер әзірлейтін  i7 Technologies, IT-инфрақұрылымдық шешімдер жасайтын АзияShymСервис компаниялары қатысты.

Келешек мектептері  көрмеге оқушылардың STEM жобалары мен қолөнер туындыларын әкелген.

Бұдан бөлек  стартаптарды қолдайтын, IT-білім беретін Shymkent HUB орталығы,  цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект жобаларын жасаумен айналысатын ANT Technology, балалардың шығармашылық дамуына арналған Sabi Damu орталығы қатысты.

Сонымен қатар,  көрмеде мынадай цифрлық платформалардың: барлық мектепте жаппай қолданылатын электронды «Күнделік» журналы,  оқушылар мен мұғалімдерге арналған BilimApp цифрлық платформасы,  педагогтердің кәсіби дамуына арналған EdCrunch Academy алаңы,  анимациялық сабақтар мен интерактивті ресурстардың AmanSultan платформасы,  еліміздегі ең ірі білім беру платформасы саналатын BilimLand алаңы, Testter.kz  онлайн тестілеу және емтиханға дайындық жүйесі, мектепке дейінгі, қосымша білім және кадрлық процестерді автоматтандыратын INDIGO, Mindal, TEMIR платформалары,  білім сапасын бағалайтын  IQAA аккредиттеу орталығының жұмыстары таныстырылды.

Көрмеге бұдан өзге Transtelecom  ұлттық телеком және киберқауіпсіздік қызметтері,    оқулықтар шығаратын  «Атамұра», «Көкжиек-Горизонт», «Шұғыла Кітап», «Алматы Кітап» баспалары,  «Бал Текстиль» кілем фабрикасы, жұмысшы мамандарын дпярлайтын колледждер қатысты.

Оқушылардың жобалары, инновациялық стендтер мен жаңа IT-шешімдер қонақтардың қызығушылығын арттырды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар