КЕНТАУ: ҮШ ҮМІТКЕР ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІНЕ ИЕ БОЛУҒА БЕЛ БУЫП ОТЫР

2026 жылдың 28 маусымында Кентау қаласының Хантағы ауылында әкімдік сайлауы өтеді. Бұл маңызды әлеуметтік-саяси оқиғаға орай Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың ресми тізімін жариялады.

Аталмыш сайлауға үш азамат өз кандидатураларын ұсынды.

Бірінші кандидат – Қожахмет Жасұлан Сейдахметұлы. 1998 жылы туған бұл азамат «Кентау қаласының ақпараттық талдау және цифрландыру орталығы» КММ директоры қызметін атқарады. Кентау қаласы, Хантағы ауылының тұрғыны болып табылатын Қожахмет Жасұлан «AMANAT» партиясының тізімінен сайлауға түседі.

Екінші кандидат – Қайдауылов Жаксылық Нұрәліұлы. 1991 жылы дүниеге келген ол қазіргі таңда Кентау қалалық «Мансап» орталығының сектор басшысы лауазымында жұмыс істейді. Жаксылық Нұрәліұлы — Кентау қаласының тұрғыны,  сайлауға өз бетінше қатысуды көздеп отыр.

Үшінші кандидат – Ерманов Елнұр Еркінұлы. 1992 жылы туған бұл азамат «Мемқұрылыс кадастры» РМК Түркістан филиалының бас маманы болып қызмет етеді. Кентау қаласының тұрғыны Ерманов Елнұр да сайлауға өзін-өзі ұсыну арқылы қатысуда.

Осылайша, Хантағы ауылының болашақ әкімін анықтайтын сайлауға үміткерлердің үшеуі де өз біліктіліктерін сынап, халықтың сеніміне ие болуға бел буып отыр.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар