Әділетті қоғам құру үшін азаматтардың құқықтары қорғалып қана қоймай, олардың заң алдындағы жауапкершілігі де жоғары болуы қажет. Конституция осы екі маңызды ұстанымның өзара үйлесімін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық құжат болып саналады.
Түркістан облысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғындардың өтініштері мен мәселелеріне уақытылы назар аудару бағытындағы жұмыстар осы ұстанымдармен сабақтас.
Құқықтық мемлекетте ешкім заңнан жоғары тұрмайды. Әр азаматтың құқығы құрметтеліп, міндеттері орындалған жағдайда қоғамда сенім, тұрақтылық пен өзара жауапкершілік нығаяды.
Конституцияның құндылығы – оның қағидаттарының күнделікті өмірде жүзеге асуында. Заң үстемдігі орныққан қоғамның болашағы да берік болады.
