МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Еліміздің әлеуметтік саясатында мүгедектігі бар азаматтарды қоғамға толыққанды сіңістіру, олардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын арттыру маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстардың белсенді жүргізілуі, әсіресе, «Өңірлік дамудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында айқын көрініс табуда. Кентау қаласы да бұл үрдістен тыс қалмай, мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударуда.
Кентау қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен олардың қоғамға толыққанды араласуы – маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі болып табылады. Осы жылдың тоғыз айындағы есеп бойынша, қалада7450 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген, олардың өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында түрлі бағдарламалар мен шаралар жүзеге асырылуда.

Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту – олардың әлеуметтік интеграциясының негізгі бағыттарының бірі. Қалада 220 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданған. Бұл шаралар мүгедектігі бар азаматтардың еңбек нарығына кіруін жеңілдетіп, олардың өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Жұмыспен қамту шараларының ішінде қоғамдық жұмыстарға — 52 адам, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша — 11 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 7 адам, «Күміс жас» жобасына — 1 адам, тұрақты жұмыс орындарына — 58 адам, мемлекеттік грантқа 27 адам және «Бастау Бизнес» жобасына 64 адам жолданған. Бұл көрсеткіштер мүгедектігі бар азаматтардың әртүрлі бағыттарда жұмысқа тартылып, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Сонымен қатар, 13 мүгедектігі бар азаматтың жаңа бизнес-идеялары мемлекеттік грант арқылы қаржыландырылған. Бұл кәсіпкерлік бастамаларды қолдау олардың экономикалық тәуелсіздігін арттырып, қоғамдағы белсенділігін күшейтеді.

Кентау қаласының әкімдігі мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Әлеуметтік бағдарламалар мен жобалар арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамға толыққанды қатысуы қамтамасыз етіліп, олардың әлеуетін ашуға жағдай жасалуда.

Кентау қаласындағы мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуы жүйелі түрде дамып келеді. Жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік бағдарламалар арқылы олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған шаралар қаладағы әлеуметтік тұрақтылық пен инклюзивті қоғам құруға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар