МАҚТААРАЛДА САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІН ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУДА?

Мақтаарал ауданында Құрылтай сайлауына дайындық аясында маңызды оқу-әдістемелік іс-шара өтті. 2026 жылғы 15 маусымда «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  каскадтық оқыту моделі бойынша ақпараттық-заңнамалықсеминар ұйымдастырылды. Бұл шара Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жылдық жоспарына сәйкес, сайлау процесіне қатысушылардың біліктілігін арттыру және Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауын сапалы ұйымдастыру мақсатында өткізілді.

Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік құрылымның өзгеруіне байланысты заңнамалық жаңалықтар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, Конституцияға енгізілген түзетулер, Құрылтай депутаттарын сайлаудың құқықтық негіздері мен ерекшеліктері, сондай-ақ сайлау науқанының негізгі кезеңдері түсіндірілді. Әсіресе, азаматтардың сайлау құқығын іске асыру тетіктеріне ерекше мән берілді.

Іс-шарада сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылық қағидаттарына тоқталып, сайлау комиссияларының қызмет мәні нақтыланды. Қатысушылар сайлау заңнамасындағы соңғы өзгерістерді, сондай-ақ сайлаушылардың және сайлауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін тереңірек меңгерді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар