МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІН «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттап, оны әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті.

Тоқаев Ердоғанның көреген бастамаларымен Түркияның тұрақты өсіп-өркендеп, қуатты держава атанғанын айтты. Түрік ағайынның жетістігіне қуанатынын білдірді. Президенттің «Әлем бестен үлкен» деген тұжырымдамасын халықаралық қатынастардағы теңсіздікке қарсы батыл үндеу деп бағалады. Сондай-ақ, Ердоғанның түркі және ислам өркениетінің ынтымақтастығын нығайтудағы рөлін атап өтіп, оны түркі әлемінің беделді көшбасшысы деп атады.

ҚР Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының, ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы және басқа да институттардың Ердоғанның қолдауымен қалыптасып, жұмысының жанданғанын жоғары бағалады.

Қазақстан мен Түркия арасындағы сан ғасырлық тарих, дін, діл ұқсастығына тоқталып, бауырластықтың стратегиялық серіктестікке ұласқанын айтты. Ердоғанның достық пен ортақ құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Ұлы даланың түркі халықтарының атажұрты, Түркістанның рухани астанасы екенін айтып, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін Түркістанда өткізу шешімін түсіндірді. Бұл жиынның елдер арасын жақындатып, ынтымақтастықты күшейтетініне сенім білдірді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар