Түркістан төрінде рух пен мәдениеттің, ұлттық өнер мен дәстүрдің тоғысқан жарқын мерекесі мәресіне жетіп, өңіріміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға ел есінде қаларлықтай сәтпен түйінделді. Облыстың аудан-қалалары арасында ұйымдастырылған «Өнерлі өлке – 2026» жобасында Ордабасы ауданының шығармашылық ұжымы 26 маусым күні өнер көрсеткен болатын. Қазылар алқасының шешімімен Ордабасы ауданы фестивальдің бас жүлдесіне лайық деп танылды.
Бұл жетістік – тек сахнада өнер көрсеткен өнерпаздардың ғана емес, тұтас бір ауданның бірлігі мен татулығының, өлшеусіз еңбегі мен ұйымшылдығының айқын көрінісі. Киелі жердің тарихы мен бүгінгі тынысын, салт-дәстүрі мен өркениетін үйлесімді көрсете білген бұл жеңіске жету жолында аудан әкімдігі, білім, спорт және жастар саласының өкілдері, жауапты кәсіпкерлер мен шығармашылық ұжымдар бір кісідей жұмыла білді. Ұйымдастыру жұмыстарына басы-қасында атсалысқан барша азаматтардың қажырлы еңбегі мен ортақ іске деген жауапкершілігі осындай зор жетістіктің негізін қалады.
Ордабасы жұртшылығының рухын көтеріп, өңірдің мәдени әлеуетін танытқан бұл мерейлі жеңіс елдің мерейін тағы бір мәрте өсірді.

