МАҚТААРАЛДА ИЕСІЗ ЖАТҚАН ЖЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛУДА

Мақтаарал ауданында жер ресурстарын тиімді пайдалану және оларды шаруашылық айналымға қосу бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Өңірде ұзақ уақыт бойы мақсатсыз пайдаланылмай немесе бос жатқан коммерциялық, өндірістік, ауыл шаруашылығы, жайылымдық және өзге де санаттағы жер телімдерін анықтау мақсатында ауқымды түгендеу шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде жалпы аумағы 130 гектарды құрайтын 40 игерілмей жатқан жер телімі анықталып отыр. Бұл маңызды мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов пен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Тұрғанбаев арнайы баяндама жасады.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, анықталған олқылықтарды жою мақсатында жер иелерімен түсіндіру және зерделеу жұмыстары жүргізілген. Атқарылған құқықтық және ақпараттық шаралардың нәтижесінде 13 жер телімінің иесі өз аумағын мақсаты бойынша игеруге кіріскен. Аталған телімдердің жалпы көлемі 40 гектарды құрайды. Бұл өз кезегінде жердің бос жатпай, ауданның экономикалық айналымына қайта қосыла бастағанын көрсетеді.

Дегенмен, түгендеу барысында барлық жер бірдей өз иесімен игеріліп жатқан жоқ. Мәселен, 59 гектар жер телімі иесінің қайтыс болуына байланысты заң талаптарына сай иесіз мүлік ретінде рәсімдеу жұмыстарына бағытталды. Бұл бағыттағы рәсімдер заңнамаға сәйкес кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Ал ескертулер мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан нақты игерілмей жатқан 30 гектар аумақ бойынша тиісті құқықтық шаралар қабылдау үшін облыстық жер ресурстары басқармасына ресми түрде хат жолданды. Бұл бағыттағы мемлекеттік бақылау мен тексеру шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар