САЙЛАУ-2026: ҚАЗЫҒҰРТТА КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Алтынтөбе ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттарды ресми тіркеу қорытындысын жариялады. Сайлауға үміткер ретінде үш азаматтың өтініші қанағаттандырылды.

Тіркелген кандидаттар арасында өзін-өзі ұсынған және партиялық тізімнен ұсынылған азаматтар бар.

Бірінші үміткер – 1995 жылы туылған Алдаберген Руслан Ержанұлы. Ол Қарабау ауылы округі әкімі аппаратында бас маман – іс басқарушы қызметін атқарады. Сынтас ауылының тұрғыны.

Екінші үміткер – 1987 жылы туылған Алибаев Данабек Нурмаханұлы. «AMANAT» партиясының мүшесі және сол партия ұсынған кандидат ретінде тіркелген Данабек Нурмаханұлы Қазығұрт ауданының Алтынтөбе ауылында тұрады. Қазіргі уақытта жұмыссыз деп көрсетілген.

Үшінші үміткер – 1996 жылы туылған Аханов Асқар Сейтқанұлы. Ол да өзін-өзі ұсынған кандидат болып табылады. Асқар Сейтқанұлы Алтынтөбе ауылы округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарады. Қарабау ауылының тұрғыны.

Алтынтөбе ауылы округі әкімін сайлау алдағы уақытта, яғни 2026 жылдың 31 мамырында өтеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар