ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК: АРЫСТЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРҒА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ

Бүгінгі таңда қоғамдағы басты құндылықтардың бірі – өскелең ұрпақтың саналы, құқықтық сауатты әрі саналы азамат болып өсуі. Мемлекет тарапынан қолға алынған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өңірлерде жүйелі жұмыстар атқарылып келе жатқаны белгілі. Осы орайда Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қала мектептерінің  оқушылары арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Өскелең буынның бойында жауапкершілік сезімін оятуға бағытталған бұл кездесудің маңызы ерекше болды.

Іс-шараның басты ерекшелігі – жасөспірімдерге тек теориялық ақпарат беріліп қана қоймай, полиция бөлімінің жұмысы тікелей көрсетілді. Атап айтқанда, оқушыларға Уақытша ұстау изоляторының жұмыс тәртібі егжей-тегжейлі таныстырылып, тәртіпсіздіктің арты неге әкелетіні нақты мысалдармен түсіндірілді. Құқықбұзушылық жасаудың ауыр салдары, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі және кәмелетке толмағандардың өз іс-әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігі жан-жақты сөз болды. Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, мұндай ашық форматтағы кездесулер жастардың санасына тереңірек жетіп, теріс әрекеттерден сақтандыруға септігін тигізеді.

Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын өмірлік ұстанымға айналдыру – бүгінгі күннің басты талабы. Кездесу барысында көтерілген негізгі мақсаттардың бірі де жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттырып қана қоймай, әрбір азаматтың бойында заңға деген құрмет пен бұлжымас сенімді қалыптастыру болып табылады. Себебі қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік әрбір жастың саналы түрде тәртіпке бағынуынан бастау алады. Шара соңында мамандар жастарға «Заңды білу – жауапкершілікті сезінуден басталады!» деген өмірлік қағиданы қатаң ұстануды ескертіп, саналы таңдау жасауға шақырды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар