Сайрам ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімі лауазымына үш кандидатты ресми түрде тіркеді. Кезектен тыс сайлау 28 маусымда өтеді.
Тіркеуге түскен кандидаттардың бірі — Самат Жүнісбаев. 1981 жылы туған саясаткер Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарады. Өзі Ынтымақ ауылында тұрады және кандидаттыққа өзін-өзі ұсынды.
Екінші кандидат — Нұрсұлтан Құралбеков. 1990 жылғы ол «AMANAT» партиясының тірегімен сайлауға қатысады. Қазіргі уақытта аудан әкімдігінің ұйымдастыру инспекторы және аумақтық даму бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді. Кандидат Шымкент қаласының тұрғыны.
Үшінші үміткер — Нұрлан Мадияр Ерланұлы. 1997 жылы туған жас маман Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратында инфрақұрылым бас маманы ретінде қызмет етеді. Өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға қатысу құқығы берілген.
