ШЫМКЕНТ: ТҰРАНДАҒЫ 3,4 ШАҚЫРЫМ КӨШЕНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым болатын көшенің құрылысы аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков нысанды аралап, атқарылған жұмыстармен танысты.

Аталған көшенің құрылысы 2019 жылы басталған. Бастапқыда нысанды 2020 жылы пайдалануға беру жоспарланғанымен, құрылыс жұмыстары бірнеше жылға созылды. Негізгі жол құрылысы тек биыл толық аяқталған. Қазіргі уақытта көше бойындағы іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңа көшенің ені – 60 метр. Жоба аясында асфальтбетон жабыны төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар мен веложолақтар салынған. Жол инфрақұрылымын дамыту кезінде көлік жүргізушілерімен қатар жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қауіпсіздігіне де назар аударылған.

Қаланың осы бөлігіндегі көлік қатынасын жақсартуға бағытталған нысан Тұран шағынауданының дамуына серпін беріп, іргелес көшелер арасындағы байланысты жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Дегенмен, бастапқыда бір жылда аяқтау жоспарланған құрылыстың бірнеше жылға созылуы да назар аудартады. Мұндай жобалардың уақытылы жүзеге асуы қала инфрақұрылымын дамытудағы маңызды мәселелердің бірі болып қала береді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар