ШЫМКЕНТ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША САРАПШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкентте Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (CAREC) институтымен бірлескен «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллектті пайдалану: CAREC өңірі үшін масштабталатын модель» тақырыбында халықаралық іс-шара өтті. Бірлескен халықаралық ғылыми конференцияға жасанды интеллект және инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық (АҚШ, Хорватия, Чехия, Орталық Азия өңірі университеттерінің ректорлары, проректорлары, профессор-оқытушылар құрамы) және отандық сарапшылар қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллект технологияларын инклюзивті білім беруге бейімдеу, тәжірибе алмасу және білім беру саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

Халықаралық жиын барысында сарапшылар Өзбекәлі Жәнібеков орталығын, инклюзивті аудиторияларды, кітапхананы және ғылыми көрмелерді аралап, университеттің цифрлық бастамаларына жоғары баға берді.

Іс-шарада ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің болашағы мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды. Бұл халықаралық іс-шара инклюзивті білім мен жасанды интеллекті біріктіру арқылы CAREC өңірінде сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Жәнібеков университеті осындай бастамалар арқылы аймақтық және жаһандық білім кеңістігінде инновациялық көшбасы ретінде танылып келеді.

Ғылыми конференцияны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлжан Жарасова ашып берді. Одан әрі отандық және халықаралық сарапшылар баяндама жасап, өз зерттеулерін таныстырды.

АҚШ, Стэнфорд университеті, Жасанды интеллект саласының профессоры, LiveTech.AI компаниясының негізін қалаушысы Юнес Бенсуда Мурри Қазақстанның бүгінде Орта Азия елдері арасында ЖИ саласы бойынша жетекші орынға шыққанын атап өтті.

Жәнібеков университетінде бүгінде барлық факультетте 3-курс студенттері үшін «Білім беру процесінде жасанды интеллектіні қолдану» бойынша пән енгізілді. Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар бағытында 3 мемлекеттік қаржыландырылатын гранттық ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың барлығы білім берудің цифрлық және инклюзивті трансформациясын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған шара білім мен технологияны тоғыстырып, болашаққа бағытталған жаңа идеялар қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастағы жаңа қадам болып табылды. АҚШ, Еуропа және Орталық Азия елдерінен келген халықаралық сарапшылардың тәжірибесі мен идеялары негізінде инклюзивті білім беруге жасанды интеллектті енгізудің аймақтық жол картасы әзірленіп, бүкіл Орталық Азия өңірінің білім кеңістігін жаңғыртуға жаңа серпін бермек.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар