ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 103 КӨШЕСІ ТҮНГІ ЖАРЫҚШАММЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласында тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыстар өз нәтижесін беруде. Өткен жылдан бері шаһардың 33 көшесіне заманауи түнгі жарықтандыру жүйесі толығымен орнатылды. Осының арқасында қаладағы жарықпен қамтылған көшелердің жалпы саны рекордтық көрсеткіш – 103-ке жетіп отыр.

Жаңа жүйенің іске қосылуы, әсіресе, кешкі уақытта жұмыстан қайтқан тұрғындарға, сондай-ақ оқушылар мен балаларға үлкен қолайлылық туғызып отыр. Бұл өз кезегінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, қаланың көрікті келбетін едәуір жақсартты.

Жауапты мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта да жергілікті бюджеттің мүмкіндіктері мен халықтың нақты сұранысы ескеріліп, қаланы абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру шаралары кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар