ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Түркістан қаласы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған маңызды іс-шараның орталығына айналды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің Түркістанға жасаған сапары осы саланы әртараптандыру және терең өңдеу жобаларын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жандандыруға серпін берді.

Сапар барысында сенаторлар алдымен «SPK Turkistan» өндірістік паркі мен «Түркістан» индустриалды аймағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл аймақтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалардың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Атап айтқанда, көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен танысу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын сақтап, оларды ұзақ мерзімге дейін сақтау мүмкіндіктерін арттыруға бағытталғандығын көрсетті.

Сонымен қатар, делегация «BNK GROUP» ЖШС-нің жаңбырлатып және тамшылатып суғару жүйесінің өндірісімен және «Тұран су» МКК-нің тамшылатып суғару жүйесінің өндірісімен танысты. Бұл кездесулер суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру, су ресурстарын үнемдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылату үшін қажетті технологияларды енгізудің маңыздылығын айқындады. Тамшылатып суғару жүйелерінің өндірісін дамыту, әсіресе, су тапшылығы байқалатын аймақтарда ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың негізгі факторы болып табылады.

Күннің екінші жартысында Түркістан қаласындағы Достық үйінде комитеттің көшпелі отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі ірі жобалардың ауқымын кеңейту мәселелері болды. Бұл отырыс ауыл шаруашылығы өнімдерін тек шикізат ретінде сатудан гөрі, оларды өңдеп, жоғары қосымша құны бар өнімдерге айналдырудың маңыздылығын атап өтті. Саланы әртараптандыру арқылы жаңа дақылдарды өсіру, мал шаруашылығын дамыту және олардың өнімдерін терең өңдеу арқылы экспорттық әлеуетті арттыру жолдары талқыланды.

Бұл іс-шара Түркістан облысының ауыл шаруашылығын дамытудағы жаңа мүмкіндіктерді ашып, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Сенаторлардың сапары мен өткізілген отырыс, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтың айқын көрінісі іспеттес.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар