Қалада көктемгі абаттандыру, тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Туристік нысандар, орталық көшелер мен аулаларда тазалық сақталып, қоқыс шығарылады. Көктемгі кезеңге сәйкес көгалдандыруға ерекше назар аударылып, гүлзарлар мен жасыл аймақтар қалпына келтірілуде. Сынған инфрақұрылым нысандары жөнделіп, ағаштар әктеліп, бұталар қырқылуда.
Қалада көктемгі гүл егу науқаны басталды. Жоспар бойынша 2 миллионға жуық гүл отырғызылады. Гүлдер қаланың кіреберістеріне, туристік нысандар маңына және орталық көшелерге егілуде.
Туристік маусым мен Наурыз мерекесі қарсаңында қалаға келушілер саны артады. Осыған байланысты нысандардың санитарлық жағдайы мен абаттандырылуы бақылауға алынған. Қоғамдық орындарда тазалық сақтау және қала келбетін жақсарту жұмыстары үйлестірілген.
