ТҮРКІСТАНДА КАСКАДТЫҚ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы (ТҚАСК) 2026 жылға арналған сайлау комиссиялары мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту жоспарына сәйкес, №2 Хамза атындағы Жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында маңызды оқу-семинарын өткізді. Бұл шара Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау науқанын ұйымдастырып өткізу жоспары аясында, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне каскадтық тәсілмен білім беру мақсатын көздеді.

Семинарға Түркістан қалалық мәслихатының 2026 жылғы 6 мамырдағы №42/190-VIII шешімімен жаңадан тағайындалған 33 учаскелік сайлау комиссиясының 56 мүшесі қатысты. Оларға сайлау процесінің барлық қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік берді.

Іс-шараның негізгі баяндамасын Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Масабаев жасады. Ол «Учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру күнгі іс-әрекеттері» тақырыбында баяндама ұсынып, қатысушылардың назарына сайлау күні атқарылуы тиіс маңызды міндеттерді жеткізді.

Семинар барысында сайлау процесін ұйымдастырудың нақты тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақ-жауап парақшалары белсенді талқыланды. Бұл формат сайлау комиссиялары мүшелерінің кез келген күрделі жағдайға дайын болуына ықпал етті. Сонымен қатар, практикалық пысықтау жаттығулары ұйымдастырылып, теориялық білімді нақты іс-әрекеттермен бекітуге баса назар аударылды. Әртүрлі ситуациялық жағдайлар бойынша өткізілген жаттығулар қатысушылардың кәсіби дағдыларын арттыруға септігін тигізді.

Семинардың қорытынды бөлігінде қалалық АСК төрағасы Қ.М.Бердикулов қатысушылардың қойған сұрақтарына толыққанды жауап беріп, олардың сайлау процесіне деген сенімділігін арттырды.

Бұл оқу-семинары Түркістан қаласындағы сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінің кәсіби деңгейінің жоғарылауы, сайлаудың әділ өтуіне кепілдік береді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар