Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының міндетін уақытша атқарушы А.Масабаев қала ардагерлерімен кездесу өткізді. Жиынға Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Рысбеков, оның орынбасары Еркінбек Байтілесов, сондай-ақ Шавгар, Бірлік, Яссы және Отырар секторларының жетекшілері Хабибулла Нұрметов, Дадахан Днамилов, Қалқаман Дарманбеков және Болатбек Аманқұлов қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – алдағы Құрылтай сайлауы туралы халық арасында түсінікті ақпаратты қалыптастыру және сайлаушылардың дауыс беру құқығын ешқандай кедергісіз іске асыруын қамтамасыз ету болды.
Тараптар сайлау учаскелерін қосымша жарақтандыру және жаңғырту мәселелерін талқылап, тиімді ұсыныстарын білдірді. Бұл шара арқылы сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын арттыруға, сондай-ақ ардагерлердің әлеуметтік белсенділігін көтеруге бағытталған нақты қадамдар жасалды.
