ТҰРБАТ ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

Қасиетті Қазығұрт өңірінде ұлттық руханияттың көшін жалғаған тағылымды шаралар өз жалғасын табуда. Қазығұрт аудандық орталық кітапханасына қарасты Тұрбат ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай өнерлі жастардың басын қосқан мерекелік басқосу өтті. Екі ішектің тілімен жүректерді тербеген бұл шара көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады.

Мереке күні Тұрбат ауыл округінің белсенді әрі өнерлі жастары жиылып, қазақ халқының ғасырлар бойы қастерлеп келе жатқан асыл мұрасы — күй өнерін паш етті. Домбыраның қоңыр үнімен ұлттық өнерімізді биікке көтерген жастар халқымыздың бай мәдениетін насихаттап қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойындағы ұлттық құндылықтарға деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті.

Шертпе және төкпе күйлердің сұлулығын сездірген бұл өнер мерекесі қатысушылардың рухани әлемін байытып, қазақы дәстүрдің өлmez екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар